Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Түркістан облысы бойынша департаментінің интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 31.03.2021, 10:55
- 31.03.2021, 13:00
Бекбаева Гүлдана 31.03.2021, Сұрақ нөмірі: 10305
Қазіргі кезде теледидардан, саиттардан пара алып ұсталып жатқандарды көреміз, неге пара беріп ұсталып жатқандарды көрсетпейді. Оларға жаза жоқпа сонда. Сонда олар судан таза, сүттан ақ болып жүре берема? Қандай шара бар пара берушілерге?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 31.03.2021
Құрметті Гүлдана ханым! Сіздер үшін ұйымдастырған интернет-конференцияға байланысып, сұрақ қойғаныңыз үшін Алғыс білдіреміз. ҚР Қылмыстық Кодексінің 367 бабында - мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Соның бір тетігі – пара берушілер мен парақорлыққа делдал болған азаматтарға жауапкершілік күшейтілді, жаза қатаңдатылды. Пара берушілерге жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа, яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген. Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін, айыппұл мөлшері де бірнеше есеге өсті, яғни айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, яғни параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды. Парақорлыққа делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылып отыр.