«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі»
«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 31.03.2021, 10:20
- 31.03.2021, 17:00
Бермағанбетова Гүлзира 31.03.2021, 13:08, Сұрақ нөмірі: 10306
Сәлеметсіз бе, мен қала тұрғыны Гүлзира Ермағанбетова ата-ана ретінде сізге төмендегідей сауал жолдаймын. Балаларымыз 4 оқу тоқсанында мектепке барып оқиды дегенді естіп жатырмыз. Бірақ, көптеген ата-аналар, оның ішінде өзім де бармын мектеп формасын алып үлгермедік. Бұл мәселеге қатысты қандай шешімдер қабылдайсыздар?
Қызылорда облысы 31.March.2021, 13:28
Сауалыңыз орынды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес мектеп оқушыларына 1 сәуірден бастап дәстүрлі түрде оқытуға рұқсат берілді. Мектептерде бір сыныпта 25 баладан артық емес, ара-қашықтық сақталып барып оқу процесі жүргізілетін болады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен алгоритміне сәйкес мектеп формасына қатысты қатаң талап қойылмайды. Яғни оқушылар бір түсті, ыңғайлы әрі қарапайым формамен мектепке келе алады. Сол себепті де соңғы оқу тоқсанында мектеп формасына қатысты қандай да бір мәжбүрлеу болмайды.