«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі»
«Қашықтан оқыту және білім берудің қолжетімділігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 31.03.2021, 10:20
- 31.03.2021, 17:00
Барахатқызы Ләйля 31.03.2021, 14:29, Сұрақ нөмірі: 10307
Сәлеметсіз,мен Қызылорда қаласының тұрғыны Ләйлә Барахатқызы боламын. Өзіңіз білесіз, бір жылдан аса уақыт балаларымыз індеттің салдарынан үйде оқуға мәжбүр болды. Қазір, вирус басылған секілді, жазғы уақытта балаларымыз лагерьге бара ала ма? Мектептер жанынан лагерь ұйымдастыруға мүмкіндік бола ма?
Қызылорда облысы 31.March.2021, 16:35
Сауалыңызға рақмет! Пандемия жағдайы кезінде біз балалардың денсаулығы үшін алаңдауға тиістіміз. Балалардың шоғырланып, топтасып бір алаңда жиналуы вирустық инфекцияны күшейтіп жіберуі мүмкін. Бұл ретте еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға орай балалардың демалыс кезеңінде бос уақытының қамтылуы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қабылданады. Яғни балаларды сауықтыру лагерьлерінің, орталықтардың, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлердің жұмысын бастау туралы шешімді өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің рұқсаты арқылы реттеледі. Өңірдегі ахуал тұрақталып, жағдай реттелсе, қала сыртындағы және мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлердің жұмысын ұйымдастыратын боламыз.