«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 29.03.2021, 10:00
  • 31.03.2021, 18:30

Паразбекова Сарсенкул 31.03.2021, 15:03, Сұрақ нөмірі: 10308

  • 0

Мемлекеттік қызметшілер бір мемлекеттік органнан екінші мемлекеттік органға конкурссыз ауыса аладыма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.March.2021, 15:06

Құрметті Паразбекова Сарсенкул, мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, конкурссыз негізде ауысу тәрбімен мемлекеттік органның ішінде тең дәрежелі лауазымға ауысу тәрбімен тағайындалады. Мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Осы ретте, мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде, оның «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді.