«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 29.03.2021, 10:00
- 31.03.2021, 18:30
Қалмет Әлия 31.03.2021, 15:24, Сұрақ нөмірі: 10311
Жақын туыстар бір мемлекеттік органда жұмыс істей алады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.March.2021, 15:24
Құрметті Қалмет Әлия, жақын туыстар тікелей бағынысты қызметте болмаса бір мемлекеттік органда жұмыс істеуге құқылы. Сонымен қатар, өздері лауазымды атқаруға үміткер ұйымның басшылығын осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.