«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 29.03.2021, 10:00
- 31.03.2021, 18:30
Оспанова Акнур 31.03.2021, 16:53, Сұрақ нөмірі: 10312
Б корпусының мемлекеттік қызметшілері қанша уақытта ротациядан өтеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.March.2021, 17:03
Құрметті Оспанова Акнур, «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін ротациялау әрбір үш жыл сайын жүргізіліп отырады. Егерде мемлекеттік орган қайта құрылса , құрылым өзгерсе не лауазымдар қайта аталғаннан кейін «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде көрсетілген мерзім қайта жаңартылмайды. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда, оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен тағы үш жылға ұзартылуы мүмкін не «Б» корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылуы не ол келіскен жағдайда лауазымынан төмендетілуі мүмкін. Осы «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі, бұл мерзім өткен соң «Б» корпусы қызметшісі міндетті түрде ротация жатады. Бұл ретте мемлекеттік қызметшінің лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.