«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 29.03.2021, 10:00
  • 31.03.2021, 18:30

Оспанова Акнур 31.03.2021, 16:55, Сұрақ нөмірі: 10313

  • 0

Қаладағы аудан әкімінің орынбасары (Е-1 санаты) 2012 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. Осы мемлекеттік қызметкер ротацияға жатады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.March.2021, 17:37

Құрметті Оспанова Акнур, өз еркімен ротациялау соңғы үш жылдан аз емес уақыт кезеңінде келесі санаттар С-2, С-3, С-О-2, С-О-3, С-R-1,С-R-2, С-R-3, Д-1, Д-3, Е-1, Е-R-1 басшы лауазымдарын атқаратын және әртүрлі мемлекеттік мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін «Б» корпусы қызметкерлерінің арасында, осы «Б» корпусы қызметшілерінің өзара келісімі болғанда уәкілетті адамдардың актілерімен ротация жүргізуге жол беріледі. Осы ретте мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижелері де ескерілетінін атап өткен жөн. Ротацияға тек қана әртүрлі әкімшілік аумақтық бірліктерде жұмыс істейтін «Б» корпусы қызметшілерінің арасында ғана жол беріледі. «Б» корпусы қызметшісі ротация тәртібімен үміттеніп отырған лауазым ротация жүргізу кезеңінде бос болмаса, онда «Б» корпусының қызметшісі көрсетілген лауазым босағанға дейін атқарып отыран лауазымда жұмысын жалғастыра береді.