Көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы туралы

«Көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері жауап береді.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 07.04.2021, 10:00
  • 07.04.2021, 16:00

Адильбеков Дулатгали 07.04.2021, 10:36, Сұрақ нөмірі: 10317

  • 0

Алматы облысы бойынша 2021 жылы қанша егіс көлемі болады?

Алматы облысы 07.April.2021, 11:54

Құрметті Дулатгали! 2021 жылдың жоспарына сәйкес болжамдық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2,0 мың гектарға ұлғайтылып, 970,5 мың гектарды құрайтын болады. Дәнді бұршақты және дәнді дақылдар – 461,0 мың га (2020 жылы – 469,7 мың га), дәндік жүгері – 88,3 мың га (2020 жылы – 86,2 мың га), күріш – 9,1 мың га (2020 жылы – 10,6 мың га), майлы дақылдар – 147,9 мың га (2020 жылы – 154,6 мың га), қант қызылшасы – 16,3 мың га (2020 жылы – 16,1 мың га), картоп – 40,4 мың га (2020 жылы – 40,3 мың га), көкөніс – 32,7 мың га (2020 жылы – 32,5 мың га), бақша дақылдары – 4,3 мың га (2020 жылы – 4,3 мың га), азықтық дақылдар – 268,5 мың га (2020 жылы – 250,7 мың га) құрайтын болады.