Көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы туралы

«Көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері жауап береді.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 07.04.2021, 10:00
  • 07.04.2021, 16:00

Тулебаев Даурен 07.04.2021, 15:16, Сұрақ нөмірі: 10320

  • 0

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары репродукциялы тұқымдарын (көшеттерін) өндірумен қанша шаруашылық айналысады?

Алматы облысы 07.April.2021, 15:19

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын (көшеттерін) өндіру қызметін жүргізу үшін куәлік берілген 32 аттестатталған шаруашылық субъектілері жұмыс істейді, оның ішінде 12 бірегей (оның 8-ы көшеттіктер), 24 элиталық (оның 8-ы көшеттіктер), 14 бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндіруші қызметін жүзеге асырады.