Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 08.04.2021, 15:00
  • 08.04.2021, 17:00

Жұман Әлихан 08.04.2021, 16:09, Сұрақ нөмірі: 10322

  • 0

Цонға бармай элетронды цифрлық қолтаңба алуға бола ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 08.April.2021, 16:40

Электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ, "Электрондық үкіметтің" веб-порталының басты бетін ашып, сол жақтағы Сервистер қатарындағы, ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу батырмасын басу арқылы және қадам-қадамымен сұраныс тарды басу арқылы ала аласыз. Ол үшін: -Өзіңізбен бірге қолданыстағы жеке куәлік немесе ҚР азаматының паспорты болуы; -Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефон болуы; -Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс; -ЭЦҚ одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламасын орнату қажет.