Солтүстік Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 15.04.2021, 10:00
- 15.04.2021, 16:00
Набиев Алибек 15.04.2021, 15:54, Сұрақ нөмірі: 10334
Сәлеметсіз бе, әр адам пенде екендігін өзіңіз де жақсы білесіз. Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ деген сияқты. Менің сұрайын дегенім жемқорлық жасаған адам қайта мемлекеттік қызметке орналаса алады ма?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 15.April.2021, 17:08
Қайырлы күн! Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға тыйым салу туралы талап бұрын тек мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік сектордың басшы лауазымдарына қатысты болған. Енді, ағымдағы жылдың басынан бастап күшіне енген Еңбек кодексіне енгізілген түзетулермен сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды квазимемлекеттік сектордың кез келген лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды. Басқаша айтқанда, бұрын-соңды сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да, тіпті қатардағы лауазымда жұмыс істей алмайды. Ал мұндай тұлғаларды жұмысқа қабылдаған басшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл сомасы 100 АЕК көлемінде немесе 300 мың теңгеге дейін қарастырылған.