«Дінтану сараптамасын жүргізу» интернет-конференциясы
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары, объектілері мен субъектілері және дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі мен шарттары
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 16.04.2021, 10:00
- 16.04.2021, 18:00
Ибрагимов Канат 16.04.2021, 11:29, Сұрақ нөмірі: 10337
Қайырлы күн! Дінтану сараптамасын жүргізудің мерзімі туралы айтып өтсеңіздер? Мерзімі кітаптың бет санына байланысты белгілене ме әлде барлық кітапқа белгілі бір уақыт беріле ме?
ҚР АҚДМ Дін істері комитеті 16.04.2021
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 6) тармақшасына сәйкес дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Дінтану сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен бекітілген «Дінтану сарапатамысн жүргізу қағидаларымен» реттеледі. Жоғарыда аталған Қағидаға сәйкес дінтану сараптамасын жүргізу мерзімі 22 жұмыс күнін қамтиды. Аталған мерзім барлық кітапқа бірдей екенін назарыңызға саламыз.