«Дінтану сараптамасын жүргізу» интернет-конференциясы
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары, объектілері мен субъектілері және дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі мен шарттары
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 16.04.2021, 10:00
- 16.04.2021, 18:00
Ибрагимов Канат 16.04.2021, 11:34, Сұрақ нөмірі: 10338
Сараптамадан өткен кітаптың атауы өзгерсе немесе мәтіні өңдеуден өтсе (толықтырылса, түзетулер енгізілсе), ол кітапты қайтадан сараптамаға жіберу керек пе?
ҚР АҚДМ Дін істері комитеті 16.04.2021
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес өтініш берушіге дінтану сараптамасының нәтижелері туралы хат жолданады. Хатта дінтану сараптамасына ұсынылған діни әдебиеттің толық атауы, авторы, қаласы, шыққан жылы, беттер саны, ISBN номері (болған жағдайда) көрсетіледі. Егерде, хатта көрсетілген діни кітаптың атауында, мазмұнында өзгерістер орын алған жағдайда қайтадан дінтану сараптамасына жолдау қажет болады.