Жамбыл облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы

Пайдаланушылардың сұрақтарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әшірбаев Әділхан Хасымханұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 21.04.2021
  • 21.04.2021, 16:00

Сейдалиев Нуржан 21.04.2021, 13:09, Сұрақ нөмірі: 10351

  • 0

Коррупция бойынша қылмыстық жауаптылықтан басқа қандай жауаптылықтар бар?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 21.April.2021, 13:20

Сәлеметсізбе! Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген, делінген. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне 676-681-баптары кіреді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 20 наурызында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңына қол қойды. Енгізілген өзгерістермен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бөлігінде әкімшілік тәжірибе бойынша құзыретін толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді.