Жамбыл облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы
Пайдаланушылардың сұрақтарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әшірбаев Әділхан Хасымханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 21.04.2021
- 21.04.2021, 16:00
Аманбек Ербол 21.04.2021, 14:06, Сұрақ нөмірі: 10355
Қайырлы күн құрметті Әділхан Хасымханұлы! Менің сұрайын дегенім, кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылып жатыр екен. Осы жобаны түсіндіріп өтесіз ба, біздің Жамбыл облысында қалай жүзеге асырылуда?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 21.April.2021, 15:39
Сәлеметсізбе! ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Парасат жолы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап мемлекет аумағында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жоба басталғаннан бастап Жамбыл облысында жалпы саны 90-нан астам іс-шара ұйымдастырылып, іс-шараларға зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. «Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба. Қазіргі таңда облыстағы барлық 274 кітапхана базасында ашылды. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен орта білім беру мекемелерінің базаларынан да ашылуда. Жалпы бұл бағыттағы жұмыс Жамбыл облысында қарқынды жүзеге асырылуда.