Жамбыл облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы
Пайдаланушылардың сұрақтарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әшірбаев Әділхан Хасымханұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 21.04.2021
- 21.04.2021, 16:00
Аманбек Ербол 21.04.2021, 14:08, Сұрақ нөмірі: 10356
Менің білуімше, жемқорлыққа барудың негізгі себептерінің бірі ол тұрғындардың құқықтық сауаттылығының төмен болуында. Соңғы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты заңнама талаптары барынша күшеюде. Осы тарапта тұрғындарға заңнамаға енгізілген өзгерістерді барынша насихаттау, сонымен қатар қоғамда адалдық қағидаттарын насихаттау бойынша департамент тарапынан қандай жұмыстар атқарылуда?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 21.April.2021, 15:45
Сәлеметсізбе! 2019 жылдың желтоқсан айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанынан облыстық ақпараттық-ағартушылық штабы құрылды. Ақпараттық-ағартушылық штабының негізгі мақсаты облыс тұрғындары арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Штаб құрамы облыстың зиялық қауым өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері, облыстық газеттердің бас редакторлары, облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарынан жалпы саны 42 адамнан құрылған. 2020 жылы жалпы саны 217 іс-шара өткізіліп, оның 55-і кездесу және 162 іс-шара онлайн форматта өтті. Кездесулерге 10 мыңға жуық адам қатысып, онлайн форматта өткен іс-шаралар 138 мыңнан астам қаралым жиналды. Өткізілген іс-шаралардың барлығында заңнамаға енгізілген өзгерістер айтылды. Сонымен қатар, адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Осындай жұмыстар биыл да жалғасын тауып 2021 жылдың 1 тоқсанында жалпы саны 80-нен астам іс-шара өтіп, ұйымдастырылған іс-шараларға 3 мыңнан астам адам қамтылған. Өткізілген іс-шараның барлығы фейсбук және инстаграм парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, 63 мыңнан астам қаралым жиналды.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.