«Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау»
«Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 22.04.2021, 10:00
- 22.04.2021, 17:00
Өтеулі Мөлдір 22.04.2021, 10:33, Сұрақ нөмірі: 10359
Жастардың жұмыспен қамтылуы өте маңызды. Жұмыс жасаймын, ақша табамын деген адамға қазіргі заманда жағдай да жасалып жатыр.
Осы жастарды жұмыспен қамту бағытында қандай өзгерістер бар?
Қызылорда облысы 22.April.2021, 11:18
Дұрыс айтасыз, әрбір еңбекке қабілетті жас азамат жұмыс жасауы қажет. Осы бағытта аймағымызда жүзеге асырылып жатқан «Еңбек» бағдарламасына 2020 жылы 37744 адам қатысса, оның 16987-і (45,1%) жастар. Олардың 2551-і кәсіптік техникалық және қысқа мерзімдік оқу курстарына, 2181-і кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына жолданды. 886-ы шағын несие алып, 5011-і - мемлекеттік грант арқылы өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, 16936 жастар әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындарымен, жастар тәжірибесімен қамтылды. Сонымен қатар, жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында, Бағдарлама аясында екі жоба енгізілді: «Алғашқы жұмыс орны» жобасы - жастардың жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейтіп, 2 жылға дейін жұмыспен қамтылып, алғашқы жылдың еңбек ақысы бюджеттен субсидияланады. Жергілікті бюджет есебінен төленетін субсидия көлемі 20 айлық есептік көрсеткіш (53 мың теңге), келісім бойынша жұмысберуші тарапынан төленеді. Аталған жобаны жүзеге асыруға сәуір айында облыстық бюджеттен 73 адамды жолдауға 34,3 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жобаға өтінімдер қабылдау аудандық және Қызылорда қаласының жұмыспен қамту бөлімдерімен жүзеге асырылуда. «Ұрпақтар келісімі» жобасы - зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкер-тәлімгердің қасына бағдарламаға қатысушы 18 айға тұрақты жұмысқа орналасады (алғашқы алты айы үшін еңбек ақысы бюджеттен субсидияланады). Әрі қарай тәлімгердің орнына жас маман ауыстырылады (Ережелері енді қабылданады). Жергілікті бюджет есебінен төленетін субсидия көлемі 20 айлық есептік көрсеткіш (53 мың теңге), келісім бойынша жұмысберуші тарапынан төленеді. Осы жобаға жоспарлы 36 қатысушыны қамтуға 12,6 млн.тг. облыстық бюджеттен бағытталды. Қазіргі уақытта аталған жобаларға өтінімдер қабылдау аудандық және Қызылорда қаласының жұмыспен қамту бөлімдерімен жүзеге асырылуда.