«Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау»

«Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 22.04.2021, 10:00
  • 22.04.2021, 17:00

Мырзатайұлы Рысбай 22.04.2021, Сұрақ нөмірі: 10361

  • 0

Облыс әкімінің грантымен немерем оқуға түсіп қуанып қалдық Бұл үлкен көмек қой. Осы грант биылғы жылы да жалғасын таба ма?

Қызылорда облысы 22.04.2021

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын, халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек - облыс әкімінің гранты 2013 жылдан бастап тағайындалып келеді. Оқу гранты негізінен ауылдық жердегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан дарынды түлектерімізді қолдауға бағытталған. Алғашқы уақытта облыс әкімінің атынан 100 грант бөлінсе, қазіргі күні грант саны 1152-ге жеткізілді. Осы уақыт аралығында облыс әкімінің грантымен аймақтан 371 түлек оқуды аяқтады. Демек, біз қаншама білімді жастардың мамандық алуына мүмкіндік беріп келеміз. Сондықтан игілікті бастама жалғасын табады.