«Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау»
«Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 22.04.2021, 10:00
- 22.04.2021, 17:00
Матжан Мұхамеджан 22.04.2021, Сұрақ нөмірі: 10362
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке көмекшілеріне ақы төлеу мәселесін бірнеше рет көтеріп келеміз. Бұрын айына бір рет есеп беретін болсақ, биылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы екі күн сайын есеп парағын толтырып келеміз. Ол бізге қолайсыз. Осы мәселе қайта қарала ма?
Қызылорда облысы 22.April.2021, 13:00
Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеу ертіп жүру бойынша қызметті ұсынудың нақты уақыты үшін жүргізіледі, бірақ күніне 8 сағаттан аспайды. Белгіленген нысандарға бармай, серуендеу кезінде мүгедекті ертіп жүру сияқты ұсынылған қызметтер есепке алынбайды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің Қағидасына сәйкес жеке көмекшінің ілесіп жүру парағын ай сайын (мүмкіндікке қарай күнделікті немесе ай соңында 1 рет) толтырылып, әр айдың 10-на дейін Портал арқылы ұсынылатын, тараптар растаған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде төлем ақысы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметімен жеке көмекшінің қызметін қолданбайтын, күтім қажет ететін бірінші топтағы барлық мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа жәрдемақы енгізілуде. Бұл ретте, жеке көмекшінің қызметін алатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын тұлға баламалы негізде жаңа жәрдемақыға үміткер болуға құқылы. Мұндай таңдау болған жағдайда онлайн есептерді тапсыру талап етілмейді.