«Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау»

«Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 22.04.2021, 10:00
  • 22.04.2021, 17:00

Өтеулі Мөлдір 22.04.2021, 14:02, Сұрақ нөмірі: 10363

  • 0

Облыста қанша инватакси қызмет көрсетіп келеді? Осы қызметті енді Әлеуметтік қызметтер портал арқылы алатын боламыз ба?

Қызылорда облысы 22.April.2021, 14:18

Инватакси қызметі Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы емес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес үздіксіз көрсетіледі. Облыста 25 автокөлік (аудандарда - 11, Байқоңыр қаласында – 2, Қызылорда қаласында - 12) инватакси қызметін жүзеге асырады. Өткен жылы Қызылорда және Байқоңыр қалалары бойынша инватакси қызметтеріне сұраныстардың түсуіне байланысты облыстық бюджеттен қосымша 6 автомобиль қызметтерінің шығындарына 16,6 млн.теңге, осы автокөліктердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін 53,5 млн.теңге бөлінді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында аппарельдермен жабдықталған 125 автобус қызмет жасауда. Бүгінгі күні күндіз және түнгі мерзімдердегі, демалыс, мереке күндеріндегі инватаксидің жұмыс режимін, объектілер мен межелі пункттердің тізбесін кеңейту бойынша мәселе ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен қаралуда.