Қарағанды облысында білім, мәдениет және спортты дамыту мәселелері туралы

«Қарағанды облысында білім, мәдениет және спортты дамыту мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкенов жауап береді.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 28.04.2021, 15:00
  • 28.04.2021, 18:00

Кенжебеков Арман 28.04.2021, 15:18, Сұрақ нөмірі: 10370

  • 0

Құрметті Абзал Нүкенұлы! Жезқазған қаласының білім бөлімінің және Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті Гуманитарлық-педагогтік инстиутының ресми мәліметтері бойынша Жезқазғанда жыл сайын педагог мамандығын таңдаушы талапкерлердің саны азайып, соның салдарынан қаланың білім беру ұйымдарында педагог кадрлардың тапшылығы байқалуда. Аса қажеттілік тудырып отырған педагог кадрларлар орыс сыныбының бастауыш мұғалімдері, тарих, математика, физика, орыс тілі және әдебиеті пән мұғалімдері. Осы мәселелердің бір шешімі ретінде Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Гуманитарлық-педагогтік институтының педагогикалық мамандықтарына жергілікті бюджет есебінен білім грантын бөлу мәселесі қалай шешіліп жатыр? Жалпы қанша орынға грант бөлу мүмкіндігі бар?

Қарағанды облысы 28.April.2021, 16:28

Құрметті Арман! Сұрағыңызға рақмет, бұл өзекті мәселе. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен білім беру гранттары бөлінуде. Министрлік тарапынан қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізілуіне байланысты Сіз айтып отырған педагогикалық мамандықтардың шекті баллы биыл -75 балл болды. Конкурс бірінші мемлекеттік білім беру гранттары бойынша өтеді, мемлекеттік білім беру гранттарына өтпей қалған үміткерлер, жергілікті бюджет тарапынан беріліп отырған гранттар бойынша конкурска қатысады. Биыл жалпы 20 гранттың бөлінуі қарастырылуда. Жергілікті бюджет тарапынан бөлінетін гранттар бойынша толық ақпаратты алу үшін Қарағанды облысының білім басқармасына хабарласу қажет. Байланыс телефоны – 8/7212/412281, 412288.