Жерге орналастыру саласындағы мәселелер
Сұрақтарға жауап береді – ҚР АШМ ЖРБК Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасының басшысы М.А. Каженов
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 12.05.2021, 09:00
- 12.05.2021, 18:00
Мусатаев Шырынбек 12.05.2021, 16:04, Сұрақ нөмірі: 10382
әр қазақстандық 10 соттық жер телімін кедергісіз алу үшін қандай жұмыстар жүргізілуде? және жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,10 га (10 соттық) жер телімін алу үшін заңнаманы жетілдіру қажет деп есептейсіз бе? Егер өтінім білдірген азамат жер телімін алуға инфрақұрылым орналмған, жарығы жоқ сондай-ақ суы тартылмағанына яғни өзі сол жағдайда тұратынына келісіп және жергілікті әкімдікке 5 жылға дейін шартты түрде талап арызы болмайтынына келісім берсе өзге азаматтарға да жоспарлы түрде сол аумақтан кезект тұрғандарға беру мүмкіндігін қарастырса қалай болады? себебі жер телімдері берілгеннен кейін құрылыс жүргізіледі 2-3 жыл бойы сол уақытта тек жарық және су тартылса, кейіннен жол басқа да инфрақұрылым жүргізу практикасы қолданылса. Ол қазірде бар нәрсе тек жер телімі берілмейді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 12.May.2021, 17:17
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Сіздің жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру мәселесі бойынша сұрағыңызды қарап, өз құзыреті шегінде келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 44-1-бабының 8-тармағына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, Кодекстің 44-бабының 5-3-тармағына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беруге су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі. Орталықтандырылған сумен жабдықталмаған елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге тек электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі. Бұл ретте айта кететін жағдай, Сіздің көтеріп отырған сұрағыңыз Комитетпен бұдан бұрын қаралды, оның нәтижесінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруді жеңілдету мақсатында жоғарыда аталған Кодекстің 44-баптың 5-3-тармағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 366-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілгенін атап өтеміз.