Облыстық мәдениет саласы бойынша интернет-конференция

Түркістан облысының азаматтарымен мәдениет саласы бойынша интернет-конференция өткізу

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 13.05.2021, 10:00
  • 14.05.2021, 17:00

Анарбаева Назым 14.05.2021, 10:58, Сұрақ нөмірі: 10385

  • 0

Келесі сұрағым: Музейлердің мәдени түризмді қалыптастырудағы маңызы қандай?

Түркістан облысы 14.May.2021, 11:27

Назым ханым, сұрағыңызға рахмет! Музейлер мәдени туризм саласының негізгі жүйе құрушы бөлігі. Бұл тұжырым Қазақстан сияқты көшпелі өркениеттің өзегі болып табылатын ел үшін айырықша өзекті. Музейлердің туристік әлеуетін көтеруді еліміздің жалпы туристік, инфрақұрылымдық жұмысымен тығыз кіріктіріле және оның дамытуға мүдделі жақтардың қаржы-экономикалық, интеллектуалды-шығармашылық, әкімшілік ресурстарын үйлестіріп, нақты жоспармен жұмыс жасағанда ғана жүзеге асыруға болады. Музейге келушілерді арттыруда жаңа шығармашылық шешімдерді қолдану, әлемдік музей ісіндегі сәтті тәжірибелерді енгізу жылдам қарқынмен өзгеріп бара жатқан дәуірде аса өзекті.