Облыстық мәдениет саласы бойынша интернет-конференция
Түркістан облысының азаматтарымен мәдениет саласы бойынша интернет-конференция өткізу
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 13.05.2021, 10:00
- 14.05.2021, 17:00
Шамшиева Гулмира 14.05.2021, 11:04, Сұрақ нөмірі: 10387
Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшіру туралы айтқан болатын. Мектептерде латын әліпбиін ұстаздар оқытады. Ал, ересектер, үйде отырған адамдар қалай үйренеді, кім үйретеді?
Түркістан облысы 14.May.2021, 11:30
Латын әліпбиін оқыту, үйрету кезең-кезеңмен іске асырылады. Әр аудан, қалада тілдерді оқыту орталығы жұмыс жасайды. Орталықтағы қазақ тілі оқытушылары арнайы латын әліпбиінен біліктілігін арттыру курсынан өтіп келген соң мекемелердегі қызметкерлерден бастап өз қалаулары бойынша зейнеттегі адамдарға дейін толық оқуға мүмкіндігі бар.