Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 17.05.2021
  • 18.05.2021, 18:00

Молдияров Мурат 17.05.2021, 17:35, Сұрақ нөмірі: 10392

  • 0

Ағымдағы жылдың басынан бері Сіздің Департаментіңізбен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қандай жұмыс жүргізілді?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.May.2021, 18:13

Құрметті Молдияров Мурат, көрсетілетін қызметті алушылардың құқығын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ағарту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту туралы түсіндіру іс-шараларын өткізу мақсатында, Департаментпен «Халыққа қызмет көрсету» орталығымен бірлесіп ағымдағы жылдың 9 наурыз күні «Ашық есік күні» атты іс-шара жүргізілді. Жалпы, ағымдағы жылы Департаментпен және аудандар/қалалар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімдерімен 502 түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды (семинарлар, дәрістер, оқыту, дөңгелек үстелдер, брифингтер, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінің акциялары және т.б.) сондай-ақ, желілік кесетге сәйкес «Электрондық Үкімет Порталын» пайдалану бойынша 540 оқыту ұйымдастырылды, жалпы саны 223 780 адамды құрайды, 127 500 мың брошюра таратылды, оның ішінде қызмет алушылардың құқықтары бойынша – 12 мың, электрондық қызметтерді танымал ету, цифрлық агентті танымал ету бойынша – 15 500 мың, теледидарда 14-ке жуық репортаж, мемлекеттік қызметті насихаттау бойынша 22 ролик түсірілді, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы 10 инфографика әзірленді, БАҚ-та 195 жарияланым шығарылды (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда оқытылған тұрғындардың саны 11% көтерілді).