Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 17.05.2021
  • 18.05.2021, 18:00

Жанибеков Ержан 17.05.2021, 17:36, Сұрақ нөмірі: 10393

  • 0

Қандай тәсілдермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жүргізіледі?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.May.2021, 18:16

Саламатсызба құрметті Жанибеков Ержан, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау – ішкі және сыртқы бақылау арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сыртқы бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру және мониторингтеу нысанында жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша Ішінара және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Ішінара тексеру жүргізу- негіздемелері - ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрінің бұйрығымен бекітілетін ішінара тексеру тізімі болып табылады. Ал жоспардан тыс тексерулерге тоқтала кетсек - жоспардан тыс тексерулер: 1) құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; 2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуының нақты фактілері бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары 3) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында тексерiлетiн субъектiмен азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру; 4) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы; 5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жүргізіледі.