«Мемлекеттік қызметке түсу, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы»
«Мемлекеттік қызметке түсу, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Б.А. Қайрақбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 18.05.2021, 15:00
- 18.05.2021, 17:00
Алпысбай Наргиз 18.05.2021, 16:39, Сұрақ нөмірі: 10406
Менің әжем зейнеткер және жалғыз тұрады. Жалғыз басты ретінде жер және жылжымайтын мүлік бойынша салыққа жеңілдіктерді есептеу үшін оның мекенжайында тіркелген тұлғалар туралы мекенжай анықтамасы қажет. ХҚКО мұндай анықтаманы бермейді, Анықтаманы қайдан алуға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.May.2021, 16:58
Қазіргі уақытта тіркелген тұлғалар туралы мәліметті тек қана электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба, бір реттік пароль және телеграмм бот арқылы азаматтың жеке кабинетінен алуға болады. Аталмыш анықтаманы алу үшін ол адамға көмектесу қажет, Сіз өзіңіз немесе мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері смартфон немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы алады.