Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 17.05.2021
- 18.05.2021, 18:00
Тлеужан Шырын 18.05.2021, 16:41, Сұрақ нөмірі: 10407
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастар қандай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.May.2021, 17:09
Құрметті Тлеужан Шырын, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларымен реттеледі. Соның ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық актілер - стандарттар әзірленеді және бекітіледі.