Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және бақылау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 17.05.2021
- 18.05.2021, 18:00
АТАМАНОВ ТАНАТ 18.05.2021, 17:37, Сұрақ нөмірі: 10412
«Egov жаршысы» жобасы туралы толығырақ мәлімет берсеңіз нұр үстіне нұр болушы еді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.May.2021, 17:47
Құрметті Атаманов Танат, өткен жылы Республикада алғаш рет «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Egov жаршысы» жобасы іске қосылды. Жаңа жоба халықтың оң пікірін алды, әсіресе пандемия кезінде еріктілер тарапынан үлкен жұмыстар атқарылған болатын. Дайындалған 500-ден астам еріктілер облыстың 600 мыңнан астам тұрғынын, оның ішінде ауылдық елді мекендерді қамти отырып, тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізді. Осы жылы жобаның екінші кезеңі басталды. Бүгінгі таңда 100 белсенді жастан тұратын еріктілер пулы қалыптастырылды, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің тұрғындарына назар аудара отырып, Алматы облысының тұрғындары арасында мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық тәсілі бойынша қадамдық нұсқаулықтар әзірленді. Жобаның басты міндеті облыс халқының кемінде 80% ЭЦҚ алуды қамтамасыз ету және оларды одан әрі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу дағдыларына үйрету болып табылады.