«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері»

«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Мүксімов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 9
  • 20.05.2021, 11:00
  • 20.05.2021, 16:00

Қуаныш Нұрлыбек 20.05.2021, 11:42, Сұрақ нөмірі: 10419

  • 0

Мемлекеттік органдарда штат саны қысқарған жағдайда мемлекеттік қызметшіге қандай мөлшерде жәрдемақы төленеді?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.05.2021

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. ҚР Мемлекеттік қызметі туралы заңының 56 бабының 4- тармағына сәйкес Мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.