«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері»
«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Мүксімов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 9
- 20.05.2021, 11:00
- 20.05.2021, 16:00
Балабаева Гулжайна 20.05.2021, 11:45, Сұрақ нөмірі: 10420
Мемлекеттік қызметшілерге қандай жағдайларда материалдық көмектер көрсетіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.05.2021
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай: 1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы; 2) некеге тұру; 3) бала туылған, бала асырап алған; 4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам); 5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру; 6)қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады.