«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері»
«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Мүксімов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 9
- 20.05.2021, 11:00
- 20.05.2021, 16:00
Ильясова Гульзар 20.05.2021, 11:46, Сұрақ нөмірі: 10421
Бала күтініміне байланысты негізгі жұмыскер жұмысқа шықпай, атқаратын мемлекеттіке әкімшілік лауазымды босатқан жағдайда, осы уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген маған жеңілдік болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.05.2021
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Егер негізгі жұмыскер жұмысқа шықпай, атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымды босатқан жағдайда, осы уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген мемлекеттік қызметші конкурс өткізілместен, жұмысын тұрақты негізде жалғастыра алады. Мұндай жағдайда мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті адам (орган) уақытша бос мемлекеттік лауазымға қабылданған адамды тұрақты негізде мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы тиісті акт шығарады.