«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері»

«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Мүксімов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 9
  • 20.05.2021, 11:00
  • 20.05.2021, 16:00

Шахметов Рустем 20.05.2021, Сұрақ нөмірі: 10422

  • 0

Сәлеметсіз бе? Мен азаматтық қызметте жұмыс атқарамын. Жыл сайын алатын еңбек демалысыма ақы төленеді. Енді менің сұрағым мемлекеттік қызметшіге жыл сайын алатын еңбек демалысына қосымша қандай қосымша ақылар көзделген?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.05.2021

Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптарына сәйкес ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы ұсынылып, екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленеді.