«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері»
«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Мүксімов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 9
- 20.05.2021, 11:00
- 20.05.2021, 16:00
Ахметжанова Әсел 20.05.2021, Сұрақ нөмірі: 10425
Ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге баратын жас мемлекеттік қызметшілерге қандай қосымша көмектер қарастырылған ?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.May.2021, 15:00
Сәлеметсіз бе ! Сұрағыңызға рақмет. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 56 бабы 12 тармағына сәйкес «ауылдықелді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдаушаралары көрсетіледі» деп көрсетілген, яғни «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жас мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттер алуға мүмкіндік береді.