«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері»
«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Мүксімов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 9
- 20.05.2021, 11:00
- 20.05.2021, 16:00
Егизбаева Гулшат 20.05.2021, Сұрақ нөмірі: 10427
Мемлекеттiкқызметшiқайтысболғанжағдайдаоныңотбасымүшелерiнемемлекеттiк орган қандай көмеккөрсетеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.May.2021, 15:01
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 56 бабы 11 тармағына сәйкес мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте, жәрдем ақының мөлшері "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгеннен төмен болмауы керек.