«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері»
«Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы С.С.Мүксімов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 9
- 20.05.2021, 11:00
- 20.05.2021, 16:00
Нургалиева Мухсина 20.05.2021, Сұрақ нөмірі: 10428
Бала күтіміне байланысты негізгі жұмыскер жұмысқа шықпай,атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымды босатқан жағдайда,осы уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген маған жеңілдік болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.May.2021, 15:33
Сәлеметсіз бе! Сұрағыңызға рақмет. Егер негізгі жұмыскер жұмысқа шықпай, атқаратын мемлекеттік әкімшілік лауазымды босатқан жағдайда, осы уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген мемлекеттік қызметші конкурс өткізілместен, жұмысын тұрақты негізде жалғастыра алады. Мұндай жағдайда мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті адам (орган) уақытша бос мемлекеттік лауазымға қабылданған адамды тұрақты негізде мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы тиісті акт шығарады.