Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау
Өтінім берушілер, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардың тауар белгілерін құқықтық қорғауға қатысты сұрақтарға жауап ала алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 20.05.2021, 10:00
- 20.05.2021, 18:00
Бата Мүнар 20.05.2021, 14:32, Сұрақ нөмірі: 10430
Тауар таңбасына айрықша құқықтың қолдану мерзімі қандай?
ҚР Әдiлет министрлігі 20.May.2021, 14:52
Қайырлы күн, Бата Мұнар! ҚР Әділет министрлігі Сіздің сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңның 15-тармағына сәйкес тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады.