«Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін шаралар»

«Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін шаралар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 5
  • 27.05.2021, 10:00
  • 27.05.2021, 17:00

Ахмет Мәдина 27.05.2021, 13:10, Сұрақ нөмірі: 10464

  • 0

Құрметті Гүлшара Наушақызы! Кәсіпкерлерге несие алу үшін банктер кепілдікке мүлік талап етеді. Алайда, кәсіпкерлердің барлығына бірдей кепілдікке қоятын мүлкі бола бермейді. Мұндай жағдайларда кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары қарастырылған?

Қызылорда облысы 27.May.2021, 13:48

Рахмет сұрағыңызға. Расымен, қазіргі күні қандай да бір кәсіп түрін ашып, несие қаражатымен қаржыландыру үшін көп жағдайларда банктермен кепіл мүлкі талап етіледі. Мұндай жағдайда, кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ішінара кепілдендіру құралы арқылы қолдау алуға мүмкіндіктері бар. Аталған бағдарламаның ішінара кепілдендіру құралы аясында кәсіпкерлер үшін 85 пайыз көлемінде мемлекет кепілдік беріледі. Бұл ретте, несиенің қалған 15 пайызына кепілдікті кәсіпкер өз тарапынан қаржылай немесе мүлік негізінде ұсынады. Бүгінгі күні, кәсіпкерлер несие алу жөнінде өтінімді банк кеңселеріне жүгінусіз, онлайн жүйе арқылы жолдауға мүмкіндіктері бар. Онлайн форматта өтінім беру тәртіптері әр банктің ресми сайтында көрсетілген.