«Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін шаралар»

«Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін шаралар» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 5
  • 27.05.2021, 10:00
  • 27.05.2021, 17:00

Жақсылық Бақытбек 27.05.2021, 16:01, Сұрақ нөмірі: 10465

  • 0

Саламатсыз ба, Гүлшара Наушақызы! IT саласындағы жеке компанияда маман болып жұмыс жасаймын. Бірақ, негізінде болашағымды бизнеспен байланыстыруды жоспарлап отырмын. Осы мақсатта, бүгінгі күні жаңашыл мобильдік қосымшаны әзірлеуді қолға алдым. Бірақ, қаржы жетіспеуіне байналысты мобильдік қосымшасын соңына дейін әзірлеу қиын болып тұр. Бұған дейін банктерден алған несиенің болуына орай, жаңа несиеге өтінім беру мүмкін емес. Осы ретте, менім кәсібімді қолдауға қандай қаржылай көмек бере аласыздар?

Қызылорда облысы 27.May.2021, 16:27

Сұрағыңызға рахмет. Бүгінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге, кәсібін жаңа бастаған азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарламалары аясында қолдау құралдары қарастырылған. Оның ішінде, жаңашыл болып табылатын бизнес-жобаны іске асыруға әлеуетті кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз гранттарға қол жеткізу мүмкіндіктері бар. Аталған Бағдарлама аясында мемлекеттік қайтарымсыз грант қаражаттары жаңашыл болып табылатын жобаларға 2 млн. мен 5 млн. теңге аралығында конкурстық іріктеу негізінде беріледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қойылатын талаптардың бірі осы Бағдарлама немесе «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсынан өту қажет және оқу сертификаттарының жарамдылығы екі жылдан кем болмауы тиіс. Сонымен қатар, қайтарымсыз грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде талаптар қойылады. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін, Бағдарламаның үйлестірушісі - Кәсіпкерлік және туризм басқармасына жүгінуді сұраймын.