«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау»
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 28.05.2021, 09:00
- 28.05.2021, 17:00
Нурханова Ардак 28.05.2021, 09:50, Сұрақ нөмірі: 10468
Қайырлы күн! Телефоныма ЭЦП мерзімі аяқталуға жақын деген хабарлама келді.Енді ЦОНға барып , қайтадан ЭЦП алу керек пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.May.2021, 11:13
Салеметсіз бе! ЭЦҚ мерзімі аяқталып жатса ХҚКО бару арқылы жаңа ЭЦҚ алудың қажеттілігі жоқ. egov.kz немесе pki.gov.kz сайты арқылы ЭЦҚ мерзімін 1 жылға ұзарта аласыз. Ол үшін: -ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшіңіз, ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз.Негізгі жолдарды толтырып, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз. ЭЦҚ-ны сақтау жолын таңдаңыз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз. Есіңізде болсын! Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз SMS-хабарлама келмейді.