«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау»

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 28.05.2021, 09:00
  • 28.05.2021, 17:00

Хамзина Бакыт 28.05.2021, 11:58, Сұрақ нөмірі: 10469

  • 0

Қайырлы күн! Мекенжай анықтамасын қалай алуға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.May.2021, 14:46

Қайырлы күн! 2020 жылдың 1 қарашасынан бастап «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі жойылды. Енді Қазақстан Республикасының азаматтары тіркеу мекен-жайы туралы ақпаратты «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетінде ала алады. Үй иелері eGov мобильді порталы немесе «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы мекенжайы бойынша тіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады.