«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау»

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 28.05.2021, 09:00
  • 28.05.2021, 17:00

Коканов Кадиржан 28.05.2021, 14:51, Сұрақ нөмірі: 10470

  • 0

Салеметсіздер ме? егов арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлеуге болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.May.2021, 15:20

Қайырлы күн! eGov.kz порталында тіркелген және ЭЦҚ бар пайдаланушылар айыппұлдарды үйден шықпай-ақ төлей алады. Ол үшін басты беттегі "Көлік және коммуникация" бөлімін таңдап, одан кейін "Автомобиль көлігі"санаты бойынша басу қажет. Порталда авторизациядан өтіп, "Онлайн төлеу" батырмасына өтіңіз. Айыппұлды іздеу үшін ЖСН немесе ТАӘ және туған күнін енгізу қажет. Айыппұлдар болған жағдайда пайдаланушының экранына орын алған бұзушылықтар, сондай-ақ өтініш берушінің деректері, бұзушылық біліктілігі, құқық бұзушылықты анықтаған орган, құқық бұзушылық жасалған (табылған) күні, хаттама жасалған күн, хаттама нөмірі, салынған айыппұл сомасы шығарылады. "Толығырақ" батырмасын басқан кезде алаңда құқық бұзушылықты тіркеу суреті пайда болады. "Төлеу" дегенді таңдаған жағдайда пайдаланушының жеке кабинетіне құқық бұзушылық үшін төленген чек бекітіледі.