Табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету және АӘК алушылар қатарындағы балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру
«Табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету және АӘК алушылар қатарындағы балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру » тақырыбындағы интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 09.06.2021, 10:00
- 09.06.2021, 17:00
Нурланова Мольдир 09.06.2021, 11:18, Сұрақ нөмірі: 10475
Cәлеметсіз бе. АӘК алу үшін тұрғылықты жерім бойынша тіркелуім қажет пе?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 09.06.2021
Қайырлы күн! 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасы құрамында бірге тұратын, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттер бойынша байланысқан және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен шегінде тіркелген отбасы мүшелері ескеріледі. Бұл ретте интернаттық ұйымдарда оқитын балалар мен 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттерінен ғана бірге тұру фактісі талап етілмейді. Осылайша, ата-анасының нақты тұрғылықты жерінен тыс басқа елді мекендерде тұратын, жақын туыстарының немесе өзге де адамдардың асырауындағы, АӘК үміткер отбасы құрамындағы кәмелетке толмаған балалар есепке алынбайды.