«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 12
- Жауаптар: 12
- 10.06.2021, 09:00
- 10.06.2021, 18:00
Бектемирова Айгуль 10.06.2021, 09:58, Сұрақ нөмірі: 10478
Сәлеметсізбе, мекенжай анықтамасын қалай алуға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.June.2021, 10:13
Саламатсыз ба Бектемирова Айгуль, 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі жойылды. Енді Қазақстан Республикасының азаматтарының тіркеу мекен-жайы туралы ақпаратты «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетінде көрсетіледі. Үй иелері egov мобильді порталы немесе «Egov mobile» мобильді қосымшасы арқылы мекенжайы бойынша тіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады. Сонымен қатар, порталда «Үшінші тұлғалардың анықтамалардың алуы» сервисі жұмыс істейді, оның шеңберінде үшінші тұлғалар (Сіздің тіркелуіңіз туралы ақпарат қажет болған жеке немесе заңды тұлға) Сіздің келісіміңізбен тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді алу мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға (ЭЦҚ болған жағдайда) жүгіну арқылы немесе eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы өз телефон нөміріңізді Мобильді азаматтар базасында тіркеу қажет. Бұл жағдайда Сіздің ұялы телефоныңызға мекенжай мәліметтерін беруге келісесіз бе деген сауал келіп түседі. Мобильді құрылғыға келіскен жағдайда үшінші тұлғаға бір реттік паролі бар СМС-хабарлама келіп түседі, оның көмегімен ол осы деректерді порталда алады.