«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 10.06.2021, 09:00
  • 10.06.2021, 18:00

Аманжолова Асем 10.06.2021, 10:37, Сұрақ нөмірі: 10480

  • 0

Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми парақшасындағы жарияланған бос лауазымдарға жалпы конкурстар өткізіп жатқан мекемелерге құжаттарды тапсырып жатырмын. Мемлекеттік орган өткізетін бос орынға орналасу үшін әңгімелесудің қалай өтетінін таңдауға құқығым бар ма, мысалы, техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен қатысқым келсе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.June.2021, 10:59

Саламатсыз ба Аманжолова Асем, «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының 90-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.