«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 10.06.2021, 09:00
  • 10.06.2021, 18:00

Жұмажан Елдар 10.06.2021, 11:55, Сұрақ нөмірі: 10481

  • 0

Жақында мен мемлекеттік қызметке орналастым. Егер мен әскери қызметке шақырылатын болсам, менің жұмыс орным сақталады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.06.2021

Саламатсыз ба Жұмажан Елдар, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады. («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 40-бабы).