«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 10.06.2021, 09:00
  • 10.06.2021, 18:00

Тусупов Медет 10.06.2021, 14:10, Сұрақ нөмірі: 10483

  • 0

Мен орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінде қызмет атқарамын. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдарда өткізілетін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурсқа қатысу жоспарымда бар. Сондықтан, жергілікті атқарушы органдарда өткізілетін ішкі конкурстарға қатыса аламын ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.June.2021, 14:42

Cаламатсыз ба Тусупов Медет, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қатысуға құқылы. Сонымен қатар, персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс көрсетілген қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің қызметшілері жергілікті атқарушы органдарда өткізілетін ішкі конкурстарға қатыса алмайды. Бұл ретте, Сіз жергілікті атқарушы органдарда өткізіліп жатқан жалпы конкурстарға қатысуға құқығыңыз бар.