«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 12
  • Жауаптар: 12
  • 10.06.2021, 09:00
  • 10.06.2021, 18:00

Тельман Мадина 10.06.2021, 15:38, Сұрақ нөмірі: 10485

  • 0

Қайырлы күн! Мен жоғары оқұ орнын бітіріп, мемлекеттік қызметке тұруды көздеп жатырмын, уәкілетті органның парақшасындағы бос лауазымдарға жарияланып жатқан жалпы конкурсқа құжат тапсырайын деген едім, алайда керекті құжаттардың ішінде білімім туралы құжаттар және олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін беру қажет деп айтылды кадр қызметкерімен. Менің жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломыма қосымшасын жоғалтып алған болатынмын, егер мен тек жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның түпнұсқасын ұсынсам болады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.June.2021, 15:46

Саламатсыз ба Тельман Мадина, «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының 70-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері тапсырылады. Сонымен қатар бұйрықтың 80-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Осыған байланысты дипломды қосымшасыз беру құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.