«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 12
- Жауаптар: 12
- 10.06.2021, 09:00
- 10.06.2021, 18:00
Қойшығара Сәбина 10.06.2021, 17:02, Сұрақ нөмірі: 10489
Сәлеметсіздер ме! Egov арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлеуге болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.June.2021, 17:18
Саламатсыз ба Қойшығара Сәбина. Еgov.kz порталында тіркелген және ЭЦҚ бар пайдаланушылар айыппұлдарды үйден шықпай-ақ төлей алады. Ол үшін басты беттегі «Көлік және коммуникация» бөлімін таңдап, одан кейін «Автомобиль көлігі» санаты бойынша басу қажет. Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн төлеу» батырмасына өтесіз. Айыппұлды іздеу үшін ЖСН немесе ТАӘ және туған күнін енгізу қажет. Айыппұлдар болған жағдайда пайдаланушының экранына орын алған бұзушылықтар, сондай-ақ өтініш берушінің деректері, бұзушылық біліктілігі, құқық бұзушылықты анықтаған орган, құқық бұзушылық жасалған (табылған) күні, хаттама жасалған күн, хаттама нөмірі, салынған айыппұл сомасы шығарылады. «Толығырақ» батырмасын басқан кезде алаңда құқық бұзушылықты тіркеу суреті пайда болады. «Төлеу» дегенді таңдаған жағдайда пайдаланушының жеке кабинетіне құқық бұзушылық үшін төленген чек бекітіледі.