«Шығыс Қазақстан облысында білім саласын цифрландыру»

Шығыс Қазақстан облысында білім саласын цифрландыру мәселелерін қарастыру

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 15.06.2021, 10:00
  • 15.06.2021, 18:00

Танцарова Меруерт 15.06.2021, 11:11, Сұрақ нөмірі: 10493

  • 0

Қайырлы күн! Облысымызда балаларға арналған инновациялық орталық ашылды деп естігенім бар, мекен жайы қай жерде? Бұл тегін білім беру орталығы ма, балаларға қандай курстар оқуға болады, баламды жазу үшін қандай телефонға хабарлассам болады?

Шығыс Қазақстан облысы 15.June.2021, 15:52

Сәлеметсіз бе! «Jastar Time» инновациялық орталығы 2020 жылдан бастап жұмыс жасауда, мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 ғимаратта орналасқан. Оқушылар 2D/3D графика, бағдарламалау, бейнефильмдер жасау бағыттары бойынша білім алады. Курстар мектептен өзгеше арнайы модульдік оқыту бағдарламасы бойынша әзірленген.Оқыту формасы – тегін, 8(7232)75-33-33 телефонына хабарлассаңыз болады.